Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әскери байланыс беки түспек
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әскери байланыс беки түспек. Елімізге ресми сапармен келген Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштері Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы, генерал Надим Разаны Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қабылдады. Бұдан кейін, кеңейтілген құрамда кездесу өтті. Онда тараптар қос ел арасындағы әскери ынтымақтастық яғни, жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және кадрлар даярлау жайын талқылады. БҰҰ миссияларында бітімгерлік контингентін бірлесіп ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл жайы да сөз болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14