Батыс Қазақстанда карантин шектеуі жеңілдеді. Енді сауда үйлері, базарлар, тамақтану орындары демалыс күндері де ашық болады. Былайғы күндердегі жұмыс уақыты да ұзарды. Қоғамдық көліктер сенбі-жексенбіде жүретін болды. Жалпы Ashyq қосымшасы бар нысандарға қалыпты жұмыс істеуге рұқсат етілді. Өйткені өңірде ауру жұқтыру 11 пайызға түскен. Дегенмен, өңір әлі "қызыл" аймақта.
Нұрлыбек Мұстаев, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:Ashyq жобасын енгізген субьектілер бұрын кешкі 8-10-ға дейін жасайтын болса, қазір 10-12-ге дейін жұмыс уақыты созылды. Қоғамдық тамақтану орындары бар, Ashyq көшбасшыларына түнгі 2-ге дейін де жұмыс уақыты ұзарды.
Ал Атырауда эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты, демалыс күндері локдаун енгізілді. Осыған орай, сенбі-жексенбіде барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ, көпшілік іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынды. Қоғамдық көліктердің жұмысы да доғарылады. Қазір індет қалада жылдам тарап жатыр. Үйде емделіп жатқандар саны 6 жарым мыңнан асты.
Ардақ Мұратқызы