Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша кезекті гранттар бөлініп жатыр
Коммерциялық емес ұйымдар үшін кезекті байқау өтпек. Оған көмекке мұқтаж азаматтар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мүшелері, күтімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтары бар жанұялар қатыса алады. Өтінімдерді тек тіркелген коммерциялық емес ұйымдар ғана толтырып жібере алады. Жалпы оған 40 грант қарастырылған. Бір гранттың көлемі 3 миллион теңге. Жалпы осыған дейін жобаның пайдасын 360 адам көріпті. Ал биыл маусымнан бастап заңға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі жаңа анықтамасы енгізілгендіктен, қамқорлыққа алынған субъектілердің тізімі тағы есептеліп, келесі жылы анықталатын болады.
Шолпансәуле Момбекова, ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментінің басқарма басшысы:Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі анықтамасы заңды түрде болған жоқ және сондықтан оның санын есептеу мүмкін болған жоқ бұған дейін. Осы заңның шеңберінде тек келесі жылдан бастап тізілім шеңберінде анық саны есептелетін болады. Және ол біздің Ұлттық экономика министрілігінің интернет ресурсында ашық, қолжетімді түрде жарияланатын болады.
Назарларыңызға саламыз, өтінімдер тамыздың 23-інен қыркүйектің 17-сіне дейін қабылданады. Сұрақтарыңыз болса, экранда көрсетілген байланыс телефондары мен электрондық пошта мекенжайлары арқылы хабарласуларыңызға болады.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы