1 млн теңге салық төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлігі тәркіленген соң қарызын бірден жапқан
Алматы тұрғыны көлік салығы бойынша 1 млн теңгеден астам қарызын төледі. Борышкер тек құзырлы органдар темір тұлпарын тартып алғаннан кейін ғана салықты төлеуге шешім қабылдаған. Шетел маркалы көліктің иесі 1,1 млн теңге қарыз болған. Мемлекеттік кірістер департаменті мен тәртіп сақшылары борышкерді «Сергек» камераларының көмегімен ұстады. Айта кету керек, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде 594 727 азамат көлік салығын төлемеген. Жалпы олардың берешегі 21 млрд теңгеден асады.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:Өңірлер тұрғысынан қарыздың ең көп көлемі Алматы қаласында - 4,5 млрд теңге және Алматы облысына - 3,3 млрд теңгені құраған. Қолданыстағы салық заңнамасында салық міндеттемесінің орындалуын кешіктірген әрбір күн үшін берешек сомасына өсімпұл есептеліп отырады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14