Жамбыл облысында бүтін бір ауыл арықтың суын ішіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл арықтың суын ішіп отыр

10.08.2021

Бүтін бір ауыл арықтың суын ішіп отыр. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құмарық ауылының халқы таудан ағып су келсе ыдыстарын толтырып алуға тырысады. Тіпті оның өзі кейде болмай қалады. Өйткені құрғақшылықтан бұлақ көздері де тартылып барады. Құты қашқан Құмарық тұрғындарымен әріптесім Сәбит Әлдебай тілдесті.

Ауылға құбыр тартылмағалы 30 жылға таяған. Жергілікті атқамінерлер жылда құрғақ уәдеден аспайды, дейді елдекен халқы. Амал жоқ, 2 мыңнан астам тұрғын таудан келетін техникалық суға қарап отыр.

Сұрау салып, әкімдікке жолықтық.Айтуларынша, өзекті мәселе жақын арада шешімін табады.

Мөлдір Тастанбек,     Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы: 
Бұл жоба құрылысы өткен жылдан қалған. Былтыр көктемде басталған болатын. Осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқталады дегенбіз. Қазір жұмыстың 85 пайызы бітіп тұрғандықтан шамалы күту керек.

Ауыл тұрғындарына орталықтандырылған құбыр суы қосылғанша тағы амалдай тұруына тура келеді. Ал малы да жаны да қарап отырған құбырда су мүлдем азайып кеткен.

Сәбит Әлдебай 


Хабарламаларға жазылу