Astana Hub IT паркі жаңа стартаптарға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Astana Hub IT паркі жаңа стартаптарға байқау жариялайды

10.08.2021

Кәсіп ашамын деушілер осылайша технологиялық әлеуетті нығайтуға үлес қоса алады. Қазір отандық IT индустрияда кемшілік көп. Маман жетіспейді. Ал, сандық технологияларға бетбұрыс жасау тиімді шешім. Өтініш қабылдау мерзімі қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау талаптарына сай келетін старт-аптар Astana Hub тарапынан бүкіл материалдық-техникалық база мен тегін оқыту сабақтарынан өте алады. Маңыздысы, қоғамға пайда әкелетін жобаларды дамытуға 5-тен 20 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, жобаға қатысқандар салықтық жеңілдік алып, табысының бір пайызын Astana Hub-қа аударып отыруы керек. Бұл қаражат кезекті стартаптарға байқауды қайта қаржыландыруға бағытталады.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу