Астана «AI Battle» жасанды интеллект саласындағы IT-стартаптар жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана «AI Battle» жасанды интеллект саласындағы IT-стартаптар жарысы өтті

26.04.2023

Астана «AI Battle» жасанды интеллект саласындағы IT-стартаптардың жарысы өтті. Бірнеше бағытта жұмыс істейтін стартапшылар өз жобаларын сарапшылар мен инвесторларға ұсынады. Шараны Біріккен Араб Әмірліктерінің жасанды интеллект негізінде ірі деректерді талдайтын жетекші әлемдік компания мен «Astana Hub» халықаралық технопаркі ұйымдастырған. Жүлде қоры - 18 мың АҚШ доллары.

Мағжан Мәдиев, «Astana HUB» халықаралық технопаркінің бас директоры:

Біріккен Араб Әмірліктерінен келген делегациясы біздің стартаптарға инвестициялық серіктес болуға қызығушылық танытып отыр. Біз ең үздік деген 10 стартапты таңдадық. Бүгін қатысушылар бізге жобаларын таныстырады. Оларға арналған шағын сыйлығымыз бар. Сонымен бірге, қонақтарымыз олармен ынтымақтастық құру бойынша келісім жасайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу