Astana Hub технопаркіне дипломатиялық миссия басшылары жоғары бағасын берді

29.11.2018

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсете бастады. Оған бірінші кезекте отандық компаниялар иек артып отыр. Атап айтқанда, өз мүмкіншілігін арттыру бағдарламасына қатысуға Қазақстан бойынша 151 өтінім қабылданған. Оның арасынан ең үздік делінген 12 IT-стартап таңдалан. Бүгінде олар өз идеяларын әлемнің әлеуетті инвесторларына таныстыруда. Еліміздің ғана емес, шетелдік компаниялардың да цифрлы дамуына мүмкіндік беретін Astana Hub технопаркіне дипломатиялық миссия басшылары жоғары бағасын берді. Бүгін олар заманауи орталықтың жұмысымен танысты. Айта кетейік, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі - Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асқан жоба. Болашақта Astana Hub жетекші технологиялар мен дарынды мамандардың басын бір жерге қосатын үлкен орталыққа айналады.

Хейти Мяемеэс, Эстонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Егер жақсы идея болса, оны жүзеге асырып, одан бизнес жасауға болады. Қазір қолдауға зәру болып отырған шағын кәсіпкерлер, тіпті, толып жатқан өнертапқыштар үшін мұндай хабтың пайдасы орасан зор. 

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу