Құтырма ауруының ошағы тіркелген Бірлік ауылында шектеу шаралары енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құтырма ауруының ошағы тіркелген Бірлік ауылында шектеу шаралары енгізілді

10.08.2021

Құтырма ауруының ошағы тіркелген Солтүстік Қазақстан облысындағы Бірлік ауылында шектеу шаралары енгізілді. Теріскейде жыл басынан бері төрт түліктің құтырма ауруын жұқтыруының 11 дерегі тіркелді. 26 мың бас малға екпе салынды. Жыл соңына дейін 30 мыңнан астам үй жануары вакцина салынады.

Қайырлы Қазанов, ветеринария басқармасының бөлім жетекшісі:
Шектеу шаралары аясында дезинфекция жүргізіліп, ауылдағы үй жануарлары мен малға вакцина қойылады. Мониторинг жүргізілуде. Түлкінің өлексесі сәуір айында табылған болатын. Ауылдық әкімдік огругінің шешімі әділет органдарында ұзақ уақыт бойы тіркеуде жатты. Сондықтан карантиндік шаралар енді ғана енгізіліп отыр.

Эльмира Кәленова 

Хабарламаларға жазылу