Солтүстік Қазақстанда тағы да құтырма ауруының ошағы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда тағы да құтырма ауруының ошағы тіркелді

14.04.2021

Солтүстік Қазақстанда тағы да құтырма ауруының ошағы тіркелді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Куломзино» шаруа қожалығының иелігіндегі сиырлардың бірін түлкі тістеп алған. Алынған сараптама малдың құтырмаға шалдыққанын көрсетті.

Ветеринарлардың айтуынша, індет ошағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Табындағы малға вакцина егіледі. Куломзино ауылында шектеу шаралары енгізілді. 60 күн бойы елді мекеннен ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды.


Хабарламаларға жазылу