CҚО-дағы 6 ауданда құтырма ауруының ошағы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

CҚО-дағы 6 ауданда құтырма ауруының ошағы тіркелді

16.04.2021

Солтүстік Қазақстан облысының 6 ауданында құтырма ауруының ошағы тіркелді. Оның төртеуі - шаруа қожалықтарында. Ақжар, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев, Тимирязев және Мамлют аудандарының жекелеген ауылдарында шектеу шаралары енгізілді. Елді мекендерден ет, сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметі бойынша, инфекция үй жануарларына түлкі, қарсақ, жанат тәрізді аңдардан жұққан. Өңірде 53 мың малға вакцина егу жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу