Шығыс Қазақстанда жаз басталғалы 840 тонна шөп өртеніп кетті
Шығыс Қазақстанда қысқа әзірленген шөп өртеніп жатыр. Жаз басталғалы бері өңір халқы барлығы 840 тоннадан астам мал азығынан айырылып қалған. Өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамағандықтан Үржар, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бесқарағай және Күршім ауданындағы шаруалардың шөбі күлге айналды. Аймақта дала өрті де өршіп тұр. Кешеден бері Күршім ауданында құрғақ шөп жанып, қызыл жалын 40 гектар аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы билік бірлесі отырып, өртті 14 сағатта әрең өшірді.
Жадыра Аманғалиқызы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:
Өртті сөндірудегі ең бір қиыншылық туғазған жағдай – желдің қатты соғуы және жер бедерінің арнайы техниканың жүруіне кедергі келтіруі. Осы көп қиыншылық туғызды. Бүгін сағат 11.30-да өрт толығымен сөндірілді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09