Президент Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

10.08.2023

Бүгін Абай күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы атаулы күнге орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. «Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. «Адал азамат» ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу