Обухов тау-кен байыту комбинатында 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Обухов тау-кен байыту комбинатында 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

09.08.2021

Солтүстік Қазақстандағы Обухов тау-кен байыту комбинатының жүк көліктерін рұқсатсыз тоқтату тыйылар емес. Кәсіпорын тауарын эскпортқа шығара алмай отыр. Күні кеше тағы 3 фура тағы тоқтатылды. Жүк тасымалына тосқауыл қойып отырған Тайынша аудандық полиция қызметі бұған қатысты қылмыстық іс тергеліп бітпей түсінік бермейтіндерін айтты. Құзырлы орган өкілдері теміржол арқылы шет елдерге жөнелтілуі тиіс цирконий концентратын тәркілеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер апта бұрын 17 млн теңгенің 80 тонна концентраты тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз. Компания мүлікі қайтарылмай жатып, тағы да 60 тонна жүк тасымалына тосқауыл қойылды. Пайдалы қазбалар полиция бөлімшесі ғимаратының сыртында қаңтарылып тұр. Тау-кен байыту комбинаты басшылығының айтуынша, жағдай осымен үшінші рет қайтаналып отырса да құзырлы ограндар ешқандай түсініктеме бермеген. Обухов – әлемдегі бірегей кен орны. Кәсіпорында 500 адам жұмыс істейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, кәсіпорын жабылып, қызметкерлердің барлығы жұмыссыз қалуы мүмкін.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу