БҚО-да Ashyq көшбасшысы тізіміне енген базарлардың жұмыс уақыты ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да Ashyq көшбасшысы тізіміне енген базарлардың жұмыс уақыты ұзарды

06.08.2021

Батыс Қазақстанда «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі бар базарлардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзарды. Бұрын таңғы 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істесе, енді 19.00-ге дейін ашық болады.

Ал сауда үйлері, тамақтану орындарына түнгі 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. «Көшбасшы» мәртебесі қосымшамен мүлтіксіз жұмыс істейтін және қызметкерлері түгел дерлік екпе алған ұжымдарға беріледі. Бірақ «Ashyq» қосымшасы болса да, ешбір нысан сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу