БҚО-да демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

14.07.2021

Батыс Қазақстанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Мейрамхана, дәмхана, ашық базарлар да жұмыс істемейді. Жаңа тәртіп 17 шілдеден бастап күшіне енеді. Өйткені, өңірде эпидахуал күрделеніп кетті. Аудандардағы инфекциялық стационарлар түгелдей дерлік науқасқа толған.

 Мұқамғали Арыспаев, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
Дүкендер бар, ауданы 2000 шаршы метрге дейін, егер Ashyq-та болмаса, сенбі-жексенбіде жұмысын тоқтатады. Ashyq-пен жұмыс істейтін кейбір мекемелердің уақыты қысқарып жатыр. Үлкен сауда үйлерінің жұмыс уақыты бұрын кешкі 21.00-ге дейін болса, енді 18.00-ге дейін болады.

Теріскейде де шектеу шаралары күшейтілді. «Ashyq» жобасына қатыспайтын мәдениет орындарының қызметі тоқтатылады. Сауда-саттық орындары, қоғамдық тамақтану, спорт нысандарының жұмыс кестесі қысқарады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу