Атырауда қоғамдық көлікке «Ashyq» қосымшасы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қоғамдық көлікке «Ashyq» қосымшасы енгізілді

05.08.2021

Атырауда қоғамдық көлікке «Ashyq» қосымшасы енгізілді. Сақтық шарасы үшін жаңа жүйенің пайдасы зор дейді мамандар. Қазір 30 бағытқа қатынайтын 200-дей автобустың кіреберісіне QR код орнатылды.

Данияр Сәтенов,  «Смарт-Атырау» мекемесінің директоры: 
«Ashyq» қосымшасы болмаса қоғамдық көлікке отырғызылмайды деген сөз емес. Кез келген жолаушы кедергісіз емін еркін қатынай алады. Бұл бастама арқылы тұрғын өз статусын анықтап алады. Бастысы - халықтың амандығы ғой.

Ал, Өскемен және Семей қалаларында демалыс күндері қоғамдық көлік қатынамайды. Бұл - індеттің таралуын ауыздықтау үшін жасалып отырған шара, себебі өңірде эпидахуал әлі де күрделі дейді мамандар. Вирус жұқтырғандардың 41 пайызы семейліктер болса, 34 пайызы – өскемен тұрғындары. Риддер, Глубокое, Ұлан аудандарында да індетке шалдыққандар көп. Осы уақытқа дейін аймақта 325 мың адам екпенің екі компонентін де алған.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу