Батыс Қазақстанда карантин шектеулері қайтадан күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда карантин шектеулері қайтадан күшейтілді

28.06.2021

Батыс Қазақстанда карантин шектеулері қайтадан күшейтілді. Бүгіннен бастап жаңа қаулы күшіне енді. Жабық базарлар мен сауда үйлері демалыс күндері жұмысын тоқтатады. Ашық базарлар мен Ashyq қосымшасы барларына ғана жұмыс істеуге рұқсат. Тек ұжымдық, отбасылық шаралар өткізуге болмайды. Облыс қайтадан қызыл аймақтар қатарына қосылды.

Мұқамғали Арыспаев, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
Үлкен сауда үйлері, жабық базарлар бар, олардың жұмыстары сенбі, жексенбі күндері уақытша тоқтатылады. Ashyq қосымшасымен істейтін қоғамдық тамақтану орындары 50 адамнан аспауы тиіс.

Атырауда да карантин күшейтілді. Саябақ пен демалыс орындарында 3 кісіден артық топтасып жүруге болмайды. Банкет залы, балалар ойын-сауық орталығы, жабық мекемелердегі аттракциондарға тыйым салынды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу