Атырауда қоғамдық көлікке «Ashyq» қосымшасы енгізілді
Атырауда қоғамдық көлікке «Ashyq» қосымшасы енгізілді. Сақтық шарасы үшін жаңа жүйенің пайдасы зор дейді мамандар. Қазір 30 бағытқа қатынайтын 200-дей автобустың кіреберісіне QR код орнатылды.
Данияр Сәтенов, «Смарт-Атырау» мекемесінің директоры:«Ashyq» қосымшасы болмаса қоғамдық көлікке отырғызылмайды деген сөз емес. Кез келген жолаушы кедергісіз емін еркін қатынай алады. Бұл бастама арқылы тұрғын өз статусын анықтап алады. Бастысы - халықтың амандығы ғой.
Ал, Өскемен және Семей қалаларында демалыс күндері қоғамдық көлік қатынамайды. Бұл - індеттің таралуын ауыздықтау үшін жасалып отырған шара, себебі өңірде эпидахуал әлі де күрделі дейді мамандар. Вирус жұқтырғандардың 41 пайызы семейліктер болса, 34 пайызы – өскемен тұрғындары. Риддер, Глубокое, Ұлан аудандарында да індетке шалдыққандар көп. Осы уақытқа дейін аймақта 325 мың адам екпенің екі компонентін де алған.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09