Алматыда жедел-жәрдем жүргізушілері айыппұлды алып тастауды талап етті
Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалаған жедел-жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері наразылық білдірді. Жылдамдықты асырғаны үшін сөгіс алған олар кей жағдайларда науқасқа шұғыл жету үшін асығуға тура келетінін айтып, айыппұлды алып тастауды талап етті. «Шақыртуларға жылдам бармасақ несіне жедел-жәрдембіз» деп ашынып отыр. Алайда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жүргізушілердің талабы негізсіз және оларға тек ескерту берілді дейді. Заңға сәйкес, 1-2-санаттағы шақыртуларға барғанда ғана жол ережесін бұзуға рұқсат етілген. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жедел-жәрдем көліктерінің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 2 адам қаза тауып, жаяу жүргіншілер зардап шеккен.
Ербол Сәрсенбаев, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері:
Медициналық ұйымда 900 жүргізуші жұмыс істейді. 10 шақты адам ғана наразылық білдірген. Қалғандары әріптестерінің әрекетін қолдамайды. Олар айыппұлдарды алып тастауды талап етіпті. Бірақ, жүргізушілерге ешкім айыппұл салған жоқ. Ереже бұзғандарға тек ауызша ескерту жасадық. Аса қажет болған жағдайда жылдамдықты сағатына 90 шақырымға дейін асыруға болады. Бірақ жүргізушілер 150 шақырым жылдамдықпен жүреді. Кей жағдайларда біз жазалаймыз, сөгіс жариялаймыз. Себебі, кез келген арнайы көліктің бұлай жол ережесін бұзуына жол бере алмаймыз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 21:00
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17