Екі елден заңсыз зейнетақы алып келген әйел ұсталды
Екі елден заңсыз зейнетақы алып жүрген егде әйел ұсталды. Ол Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Зейнеткер 14 жыл бойы Ресей және Қазақстан азаматы ретінде тіркелген. Айыпталушы Ресей төлқұжатын алған. Бірақ, Қазақстан азаматтығынан шығу туралы құзырлы органдарға өтініш бермеген. Сөйтіп көрші елден 1998 жылдан бастап сақтандыру зейнетақысын алған. Ал 2006 жылы Қазақстан зейнетақыларын төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа жеке куәлігін ұсынып, зейнеткерлікке шыққан. Ол кінәсін мойындап отыр деді сот. Осы факті анықталған соң былтыр 1 шілдеден оның зейнетақысы тоқтатылды. Енді айыпталушы бүгінге дейін алып келген 9 млн 500 мыңдай теңгені қайтаруы керек.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14