Қапшағайда балық өсіретін ірі кешеннің іргетасы қаланды
Алматы облысының Қапшағай қаласында жылына 10 мың тоннадай балық өсіретін кешеннің іргетасы қаланды. Оған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. Жобаға 67 миллиард теңге инвестиция салу көзделіп отыр. Нәтижесінде импорт азайып, экспорт көлемі арта түспек. Әрі бұл кешен өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Шаруашылық балықтың Барамунди атты австралиялық түрін өсіреді және су үнемдеу технологиясын пайдаланады. Ауқымды жоба іске қосылғанда 300 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Алматы облысы әкімдігінің тарапынан бүкіл тиісті көмек көрсетілді. Жер телімі бөлінді. Келесі жылдың бірінші жарты жылдығында жоба ашылатын болады. Соған Құдай қаласа келеміз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16