Түркістан облысында сайлаушылардың 70 пайыздан астамы дауыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында сайлаушылардың 70 пайыздан астамы дауыс берген

25.07.2021

Түркістан облысында осы сағатқа дейін сайлаушылардың 70 пайыздан астамы өз таңдауларын жасап үлгерді. Бұл туралыбрифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев айтты. Комиссия төрағасының сөзінше, 60 ауылдық округке әкім болғысы келетіндердің саны 166 адамды құрайды. Яғни, кейбір ауылдарда бір орынға төрт үміткер таласқан. Ал, сайлау барысында өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Тек Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі бойынша бір азаматтан арыз келіп түскен. Бірақ заңбұзушылық әрекет дәлелін таппады.

Әлібек Өмірәлиев, Түркістан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Бір сайлаушы екі адамға дауыс берді деп арыз беріпті. Біз ол факті бойынша тексеру ұйымдастырдық. Ол оказывается провакационный арыз болып шықты. Заңбұзушылық жоқ. Одан бөлек бізге арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.

Маңғыстауда түс қайта сайлаушылардың белсенділігі артты. Аймақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, қазірге дейін сайлаушылардың 50 пайызы өз таңдауын жасады. Бейнеу және Қарақия аудандарындағы ауылдарда тұрғындардың 70-75 пайызы дауыс беріп үлгерген. Ал, облыстағы 14 мыңнан астам сайлаушының 7 мыңға жуығы шоғырланған Түпқараған ауданы Ақщұқыр аулы әзірге көш соңында.

Асқар Рзаханов, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Маңғыстау ауданы бойынша Тұщықұдық ауылдық округі 46, Қызан ауылы 43-8 пайыз, Жармыш 36,8. Онды ауылдық округі 34,8. Жоғарыдағы цифрларға қарап отыратын болсақ, ең төмен көрсеткіш қазір Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы 22,1 пайыз болып отыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу