Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Үкімет басшысы Ақтөбе индустриялық аймағында орналасқан Зерде-Керамика Ақтөбе зауытын аралады. Кәсіпорын жылына 5 млн керамогранит пен керамикалық плитка шығарады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 9,2 млрд теңгені құрайды, оны осы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Кәсіпорында 200-ден астам жұмыс орны құрылды.
Асқар Мамин Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық автожолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл Ақтөбе-Қандыағаш учаскесінде жол қозғалысы ашылады, Қандыағаш – Мақат автожолының учаскесі осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Премьер-Министр тасжолды қайта жаңарту жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Марат Махамбетов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиал директоры:
Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазір темірбетон материалдары дайын.