Павлодар облысында сайлауды 400-ден аса байқаушы қадағалайды
Павлодар облысында «Партиялық емес байқау орталығы» қоғамдық ұйымының 400-ден аса байқаушысы сайлаудың әділ өтуін қадағалайды. Олар үшін әдістемелер мен технологияларды үйретуге арналған қашықтан оқыту курстары ұйымдастырылды. Аймақтағы 130 елді мекен тұрғындары 44 ауыл әкіміне дауыс береді. «Партиялық емес байқау орталығы» барлық сайлау учаскелерінің дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. 25 маусымда тереңкөл ауданының 4 ауылдық округінде сайлау өтеді.
Алма Қозыбаева, «Партиялық емес байқау орталығы» облыстық филиалының жетекшісі:
Сайлау үрдісінің жан-жақты заңнамаға сәйкес өтуі. Бұл жерде сайлау комиссиясының жұмысы да, басқа бақылаушылардың тәртібі және дауыс берудің тәртібі. Соның бәрін біз бақылап отырамыз. Біздің ең басты мақсатымыз осы сайлауды ашық, анық, адал өткізу
Әйгерім Рамазанова, №284 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы:
Кім ауылдың болашағын, ауылды алға көтеремін десе, ол кісіні халық таңдайды. Менің ойым бойынша кандидаттар арасында бәсекелестік күшті болады. Әркім өз таңдауын береміз, біз осында келеміз, біздің дауысымыз бәрін шешеді деген ойда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09