Ақтауда үйінді астында қалған жазасын өтеушінің жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда үйінді астында қалған жазасын өтеушінің жағдайы ауыр

21.07.2021

Ақтауда түзету мекемесінде болған төтенше оқиғадан зардап шеккен жазасын өтеушінің жағдайы ауыр. Дəрігерлер оның əлі есін жимағанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, ГМ 172/6 қатаң режимдегі түзету мекемесінде жатақхананың төбесі опырылып, 11 адам үйінді астында қалды. 3 жазасын өтеуші қаза тауып, 4 өртеуі ауруханада.

Төтенше оқиға осы түзету мекемесінде болды. Қазір мұнда күзет одан сайын күшейтіліп, ішке ешкімді кіргізбейді. Оқиға орнында қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. Арнайы комиссия кеше келіп, аумақтағы барлық ғимараттың техникалық жағдайын тексерген. Алайда, жатақхана төбесінің неден құлағаны туралы ақпарат жоқ. Құлаған ғимарат бұған дейін апатты жағдайда тұрды ма ондай да ақпарат жоқ. Жалпы бұл түзету мекемесінің ірге тасы осыдан 45 жыл бұрын қаланған. Ал, жатақхананың қашан салынғаны белгісіз. Ғимараттың төбесі опырылып түскен кезде ішінде 11 адам болған. Соның 3 уі сол жерде қаза тапты. 8 адам түрлі дене жарақатын алды. Қазір ауруханадағы 4 науқастың бірінің жағдайы ауыр.

Айберген Сəуірбаев, Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі:
Реанимация бөлімінде жатқан науқастың жағдайы бірқалыпты, бірақ аппаратта, жарақаты ауыр, сондықтан уақыт керек.

Ауруханада тағы 3 науқас жатыр. Оның екеуінің жағдайы жақсы. Ал бір науқастың аяғы бірнеше жерінен сынған. Сондықтан дəрігерлер оған ота жасауды жоспарлап отыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу