Түркістан облысында карантидік талаптардың күшейтілгеніне қарамастан тығылып той жасаушыларға тосқауыл болмай тұр.
Өңірде жыл басынан бері 481 той тоқтатылып, шектеу шараларына бағынбаған 3214 тұлғаға айыппұл салынды. Арнайы соттың шешімімен 23 тойхана жабылып, той жасаушыларға 184 млн теңге айыппұл салынған. Мәселен, Сарыағаш ауданында бір тәуліктің ішінде 3 той өткізілген анықталды. Қауіпті індет жұқтырудан көш бастап тұрған ауданда жергілікті тұрғын 80-нен астам тұрғынды жинап, бесік той ұйымдастырған. Ал, екінші тойханада 150-ден астам адамның беташар тойына қатысқаны белгілі болды. Мобильді топтың кезекті рейді кезінде тағы бір салтанат сарайында 180 тұрғынның басы қосылған сүндет той өткізіліп жатқаны анықталды. Барлық тойхана иелері мен той өткізуші тұлғаларға қатысты іс-құжаттар жинақталып,тиісті органдарға жолданды.
Айнұр Ақбаева