Маңғыстау облысында екпе алғандар арасында 2 бөлмелі пәтер ойнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында екпе алғандар арасында 2 бөлмелі пәтер ойнатылады

16.07.2021

Маңғыстау облысында екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтардың кезекті ұтыс ойыны өтті. Бүгін төртінші рет онлайн форматта өткен шарада кезекті бес жеңімпаз анықталды. Олар теледидар, тоңазытқыш, ұялы телефон сынды сыйлықтарға ие болды. Ал, осыған дейін Жаңаөзен қаласының тұрғыны шаһардағы демалыс орнына жолдама ұтқан болатын. Кәсіпкерлер бастамасымен қолға алынған шараға аймақта вакцинаның 1-компонентін алған кез келген адам қатыса алады. Айдың соңында екпе алғандар арасында Ақтау қаласынан 2 бөлмелі пәтер ойнатылады.

Нұрлан Қуанышбай, шараны ұйымдастырушы:
Алдын ала әрленген күйінде беріледі ол үй. Полы төселген, жары тегістелген. Терезесі салынған, батареясы орнатылған. Алла қаласа, осы шілде айының соңына таман 30-31-лерінде осы басты сыйлықты тігеміз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу