Елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

24.06.2021

Вакцина салдырған Елорда тұрғындарының 2 бөлмелі пәтер ұтып алуға мүмкіндігі бар. Мұндай жаңалықпен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бөлісті. Көлгіновтың айтуынша, пәтер ұтысының ойынына 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Оның нәтижесі қыркүйек айының басында жарияланады. Сондай ақ Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Кокобаева да екпе салдырған тұрғындар арасында ұтыс ойнатылатынын хабарлады. Яғни, вакцина алу арқылы тұрғындар Біріккен араб әмірліктеріне екі адамға арналған демалыс жолдамасын ұтып ала алады.

Хабарламаларға жазылу