Оралда 80 жастағы ерлі-зайыпты қариялар екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 80 жастағы ерлі-зайыпты қариялар екпе алды

13.07.2021

Ал, Оралда 80 жастағы ерлі-зайыпты қариялар екпе алды. Алты ай бұрын ауруға шалдыққан олар ұзақ уақыт емделіп, аман қалған еді. Кейін үй ішімен екпе алуға бел буған. Қазір жағдайлары жақсы. Жалпы батыс өңірде эпидахуал тұрақсыз. Ауруханалардың 60%-ы толған. Облыста 70-ке жуық екпе алу пункті демалыссыз жұмыс істеп жатыр.

Владимир Беляк, қала тұрғыны: 
Екпеден кейінгі жағдайым жақсы. Ауру жұқтырған кезде жолдасым 5 күн бойы жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Дәрігерлердің 24 сағаттық еңбегінің арқасында өмірге қайта келдік десем де болады. Былтыр ауырған кезде осы екпенің шығуын асыға күттік. Алып-қашпа сөздерге сенбеңіздер.

Ардақ Мұратқызы  


Хабарламаларға жазылу