Петропавлда 94 жастағы соғыс ардагері екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 94 жастағы соғыс ардагері екпе алды

30.04.2021

Петропавлда 94 жастағы соғыс ардагері Николай Демин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Зейнеткердің жұбайы 82 жастағы еңбек ардагері Раиса Ильюхина да екпе алған. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Ерлі-зайыптылар шөпшек сүйіп отыр. 17 жасында әскерге аттанып, соғыста екі рет жарақат алған Инколай Ивановичтің денсаулығына шағымы жоқ. Қариялар 18 мамыр күні вакцинаның екінші компонентін салдырады. Солтүстік Қазақстанда 60 жастан асқан 3500-ге жуық адам кокрнавирусқа қарсы екпе алып үлгерді.

Николай Дёмин,    соғыс ардагері:
Екпе алу керек. Жасым 94-тен асса да, әлі де өмір сүргім келеді. Бала-шағаның қызығын көремін. Бұл дүниеде ұрпақ сүю, оның жалғасқанына куә болу – зор бақыт.


Хабарламаларға жазылу