Қызылордада өрттен екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада өрттен екі адам қаза тапты

31.03.2014
Қызылордада өрттен екі адам қаза тапты

Қызылордада қала шетінде орналасқан тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, ерлі-зайыпты зейнеткерлер қаза тапты. «Тілсіз жау» бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында басталған.
 
 Оны ауыздықтауға 15 өрт сөндіруші және үш техника жұмылдырылды. Өкінішке қарай, апат салдарынан 70 және 78 жастағы ерлі-зайыптылар ажал құшты.
 
Майысжан Ибрашев, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:
Оқиға орнынан екі азаматтың мәйіті табылды. Қазіргі таңда өрт оқиғасына байланысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу