Басты Жаңалықтар Даккада өрттен 52 адам қаза тапты

Даккада өрттен 52 адам қаза тапты

Бангладеш астанасы Даккада қайғылы оқиға. Қала сыртындағы өндіріс ғимаратында алапат өрт тұтанып, 52 адам қаза тапты. 30-ға жуық адам құтқарылды. Жапа шеккендердің көбі өрттен құтылмақ болып, жоғарғы қабаттардан секірген кезде жараланған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, құрбандар саны өсуі мүмкін. Төтенше жағдай кезінде ғимарат ішінде 7-8 мыңдай адам болған.

Өрт сөндірушілер үйінді астында қалғандарды толық шығарып біткен жоқ. Айта кету керек, бір тәулік бойы жанған 7 қабатты ғимаратта жеміс шырындарын, орауыш материалдар және пластик бұйымдарды шығаратын 3 бірдей зауыт орналасқан.

Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Алдын ала болжамдарға қарағанда, өрт ғимараттың бірінші қабатындағы қоймада тұтанған болуы мүмкін. 

Арай Төлегенқызы

Бөлісу