Петропавлда су құбыры жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда су құбыры жарылды

11.01.2017
Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде құбыр жарылып, 5 көпқабатты үй ауызсусыз қалды. Лезде қаланың бірнеше көшесіне су жайылып кетті. Тіпті, Интернационал көшесімен аққан су Есіл өзеніне дейін жеткен көрінеді. Мамандардың айтуынша, кеше кешкілік дабылдан соң апат орнына 5 бригада жұмылдырылып, 4 техника, 20 жұмысшы тартылған.

Хабарламаларға жазылу