«Астана су арнасы» компаниясының 2 жетекшісі 4 жұмысшысының қазасына байланысты ұсталды

14.06.2019

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

23 мамырда Елордада «Астана су арнасы» мекемесінің төрт жұмысшысы метан газына уланып қайтыс болған еді.

Қайғылы жағдай кезінде алты адам қаладағы құдықтың бірін жөндеп жатқан. Сол уақытта жұмысшының бірі есінен танып, құдыққа құлаған.

Оны құтқармақ болған өзге үшеуі құдық ішінде газға уланып қалған.

Қаза тапқандар 1988, 1993, 1995 және 1967 жылы туған.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, мерт болғандар респираторсыз жұмыс істеген. Әзірге бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу