Астана: Күйші Дина және Тәуелсіздік көшелері қиылысында су құбыры жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана: Күйші Дина және Тәуелсіздік көшелері қиылысында су құбыры жарылды

31.07.2014
Астана: Күйші Дина және Тәуелсіздік көшелері қиылысында су құбыры жарылды

 

 

Астанада Күйші Дина және Тәуелсіздік көшелері қиылысында су құбыры жарылды. Ағын салдарынан осы аумақтың тас жолын су басты, деп хабарлайды astana.kz.

Қазіргі таңда «Астана су арнасы» қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен. Тәуелсіздік көшесі бойында жұмыстар ретке келтіріліп, су беріле бастады.

«Астана су арнасы» мәлімдегендей, осы көшелерде екі күн бойы су беру үдерісі қалпына келтіріледі. Апатты жағдай жойылғаннан кейін тас жол жабыны қалпына келтіріледі. 

Хабарламаларға жазылу