EURO 2020: Тағы екі құрама ширек финалға жолдама алды
Футболдан Еуропа чемпионатының бәсекелері қыза түсті. Екі құрама ширек финалға жолдама алды.
Чехия Нидерландыны жеңіп, ширек финалға өтті. Мұны сарапшылар плей-офтағы алғашқы сенсацияға балап жатыр. Кездесу Будапешттегі Пушкаш Арена стадионында өткен еді. Есеп 2:0. 55 минутта жартылай қорғаушы Томаш Голеш командасын алға шығарса, 80 минутта Патрик Шик есепті еселей түсті.
Ал Бельгиядан жеңілген Португалия құрамасы болса, турнирді осы жерден аяқтайды. Еуропаның қазіргі чемпиондары бельгиялықтардың қақпасына сан мәрте соққы жасағанымен, жолдары болмады. Ойын тағдырын қарсыластың бір ғана дәл соққысы шешіп кетті.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03