Тұңғыш Президент кітапханасының музейінде «Арман қала» атты көрме өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент кітапханасының музейінде «Арман қала» атты көрме өтіп жатыр

28.06.2021

Тұңғыш Президент кітапханасының музейінде «Арман қала» атты көрме өтіп жатыр. Елбасының алғашқы резиденциясында ашылған мәдени шарада әсіресе үрмелі аспаптар оркестрінің өнері көпшілікке ерекше ұнады.

Музей көрмесінің лентасы салтанатты түрде қиылған соң, қала тұрғындары мен қонақтар ғимаратты аралай бастады. Мұнда Елбасының жұмыс күндерінен сыр шертетін фотосуреттер мен экспонаттар, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері көрсетілген. Ал, жаңа ашылған көрменің жәдігерлерін төртінші қабатта көруге болады. Осы жердегі залдың кеңдігі мен әдемі күмбездің сәулеті ерекше таңқалдырады. Жалпы, еліміздегі барлық 17 аймақтың тақырыптық көрмелері осы күмбезді залда өтетін болады. Ал, соңғы экспозицияны Алматы облысы әзірлейді. Оны Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізу жоспарланған.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу