Сирияның Хама қаласының бомбаланғаны туралы бейнекадрлар жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның Хама қаласының бомбаланғаны туралы бейнекадрлар жарияланды

22.05.2019

Бұл оқиға елдің солтүстік-батысында болған. Айта кету керек, бірер күн бұрын АҚШ Мемлекеттік департаменті Сирия үкіметі дәл осы аймақта химиялық қару қолданса керек деген мәлімдеме жасады. Егер бұл болжам расталса, Вашингтон мен оның одақтастары Сирия армиясын жауапсыз қалдырмайтынын ескертіп отыр.

Әуе соққысынан бірнеше ғимарат құлады. Олардың астында қалған адамдарды құтқаруға «ақ каскалар» деген атпен танымал Сирия азаматтық қорғаныс ұйымының мамандары тартылған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу