Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды

10.02.2022

Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, 10-12 ақпан аралығында Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қарлы боран соғып, көк тайғақ болады. Өзге өңірлерде де ауа-райы нашарлап, қар жауып, жел күшейеді. Осы ретте Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Мұзда, жаңа жауған қарда көліктер ара қашықтықты сақтап жүргені абзал. Әсіресе ауа-райы құбылып тұрғанда алыс сапарға шықпауды ескертеді.  

Хабарламаларға жазылу