Шымкентте карантин талаптарын ескермей той өткізгендер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте карантин талаптарын ескермей той өткізгендер анықталды

28.06.2021

Ал індет қайта өршігеніне қарамастан карантин талаптарына бағынбайтындар азаяр емес.

Шымкентте мобильді топ мүшелері кезекті рейд барысында жүздеген адам жиналған тойды тоқтатты. Шаһар тұрғыны кешке қарай отбасындағы мерекені думандатып өткізуге кіріскен. Қонақтардың ешқайсысында медициналық қорғаныш заттары жоқ. Санитарлық ережелер орындалмаған. Жиналғандар тойханаға ас бөлмесі арқылы еніп, ішінде әрі-бері сапырылысып жүр. Карантин талаптарын орындамағаны үшін той иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу