АҚШ-та өрт құрбандары артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та өрт құрбандары артып барады

14.08.2023

АҚШ-тың Гавай аралдарында өрт құрбандарының саны 93-ке жетті. Жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткен. Мауи аралында 2 мыңнан аса ғимарат жермен-жексен болды. Оның 86 пайызы - тұрғын үйлер. Бір кездері корольдік астанасы болған көне Лахайна қаласы да түгелдей дерлік өртеніп кетті. Мыңдаған тұрғын электр жарығынсыз қалды.

Лапылдаған жалынмен күрес тоқтаусыз жүріп жатыр. Әскерилер де көмекке тартылған. Аралда өткен аптаның ортасында өрт тұтанды. Оттың тез тарауына аптап ыстық, құрғақ ауа райы және күшті жел себеп.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу