Мәскеуде мейрамханаларға вакцина алғандар ғана кіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде мейрамханаларға вакцина алғандар ғана кіре алады

23.06.2021

Мәскеу мэрі барлар мен ресторандарға вакциналанған немесе коронавирусқа қарсы иммунтитеті бар клиенттер ғана кіре алады деген бұйрық шығарды. Кремль соңғы екі аптада пандемияның қайта күшеюіне коронавирустың «дельта-штаммы» мен вакциналау науқанының баяу жүргізілуін айыптап отыр. Айта кетсек, Ресейде 4 екпе жасалып, мақұлданды. Соған қарамастан, елді иммундау жұмыстары әлі қарқын алмай тұр.Қала басшысы Сергей Собяниннің мәлімдеуінше, маусымның 28-де күшіне енетін жаңа шектеу карантиннің алдын-алуға қажет болып отыр.

Өткен тәулікте Ресейде коронавирустан 546 адам қайтыс болды. Алайда, Мәскеудің кейбір тұрғындары локдаунды қолдаса, ендігі бірі оны «медициналық зорлық» деп есептейді.

Сейсенбі күні Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқандай, келешекте Ресейде екпе алмаған адамдар жұмыс істей алмауы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу