Пандемияға қарамастан әлемде миллиондаған адам үйлерін тастап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемияға қарамастан әлемде миллиондаған адам үйлерін тастап кеткен

18.06.2021

Коронавирус пандемиясына байланысты дүниенің 160 елі шекарасын жапса да, әлемде былтыр 3 миллиондай адам үйлерін тастап кеткен. Мұны бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар агенттігі мәлімдеп отыр.

Оның баяндамасына жүгінсек, тұрғылықты жерінен қашқандардың жалпы саны планета бойынша 82,4 миллионға жетті. Бұл – Германия халқының санына пара-пар көрсеткіш.

Үйлерінен кетуге мәжбүр болғандар тоғыз жыл бойы көбейіп келеді. Және де 2018-2020 жылдар аралығында жер шарында 1 миллиондай бала босқын болып дүниеге келген.

Әскери жанжалдар мен климаттың өзгеруі Мозамбикте, Эфиопияның Тиграй аймағында және Африканың Салех өңірінде босқындардың көбеюіне себепші болып отыр. Және де Сирия мен Ауғанстандағы соғыстардан да миллиондаған адам өзге елдерге бас сауғалапты. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу