Италия плей-офқа жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия плей-офқа жолдама алды

17.06.2021

Ресей құрамасы Финляндиадан басым түсті. Матч тағдырын Миранчуктың соққан голы шешіп кетті. Осылайша Ресей Еуропа біріншілігінде 9 жылдан кейінгі алғашқы жеңісіне жетті. Ал, Уэльс Түркияны жеңіп, топтан шығу үшін маңызды қадам жасады. Италия ойыншылары болса, чемпионаттың плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда атанды. Қауіпті де, қызықты сәттерге толы матчтарға шолу.

Кеше В тобындағы екінші турда Финляндия Санкт-Петербургте Ресей құрамасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Алексей Миранчуктің бірінші таймның соңында салған дәл осы голынан кейін Ресей үш ұпаймен өз тобында екінші орынға көтерілді. Ал Түркия құрамасы Бакуде Еуропа чемпионатындағы екінші ойынында қарсыласқа жол берді. Уэльс құрамасы үзіліске дейін Аарон Земзидің арқасында есепте алға шықты.

61-минутта Гарет Бейл пенальтиден мүлт кетті. Осылайша ол 21 жылдан кейін Еуропа чемпионатының тарихында ақтық кезеңіндегі ойында пенальтиден гол сала алмаған футболшы атанды. Бұдан бұрын 2000 жылы испандық Рауль Франциямен болған ойында 11 метрлік айып соққысын орындай алмаған еді.

Десе де екінші таймда қорғаныста сауатты ойнаған Райан Гиггз шәкірттері төреші қосқан қосымша уақытта есепті еселеп кетті. Қазір Уэльс құрамасы 4 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Түркия ұпайсыз көш соңында келе жатыр.

Римдегі Италия мен Швейцария кездеуінде плей-офқа жолдама алған құрама белгілі болды. Скудра адзурра қарсылас қақпасына 2-ойын қатарынан жауапсыз үш гол салса, Швейцарияның Италияны жеңе алмай келе жатқанына 8 матч өтті.

Мануэль Локателли Италия сапында дубль жасаған үшінші ең жас футболшы атанды.



Хабарламаларға жазылу