Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Италия-Испания матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Италия-Испания матчын тікелей эфирде көрсетеді

27.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Италия-Испания матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионаты плей-офф кезеңінің жетінші ойыны Италия және Испания құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Италия құрамасы плей-офф кезеңіне «Е» тобынан бірінші орынмен шықты. 3 ойында 6 ұпай жинаған. Ал, Испания құрамасы 3 ойында 6 ұпай жинап, «D» тобында екінші орын алған.

Бұл ойынға дейін Италия мен Испания құрамалары 35 рет кездескен. 10 матчта Италия құрамасы жеңіске жетсе, Испания 11 ойында ұтқан. 14 кездесу тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Италия 12-ші орында, Испания құрамасы 6-шы сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Италия-Испания матчының қайталауын ертең, 28 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 10:55-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу