Футболдан Еуропа біріншілігінің 1/8 финалына тағы екі құрама шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Еуропа біріншілігінің 1/8 финалына тағы екі құрама шықты

21.06.2021

9 ұпай жинап, 7 гол соқты! Италиялық ойыншылар қақпасына бір доп кіргізбей, Еуропа біріншілігінің 1/8 финалына шықты. Кеше олар Уэльс құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңген еді. Бірақ жеңілгеніне қарамастан төрт ұпайы бар Уэльс құрамасы да плей-офта бақ сынауға мүмкіндік алды.

Ал Швейцария кеше түріктерді ұтты. Осылайша үш матчтың бәрінде жеңілген Түркия футболшылары турнирмен қош айтысты.

Бүгін де шешуші ойындар болады. Сағат 21:50-де Украина-Австрия және Солтүстік Македония мен Нидерланд құрамалары кездеседі. Ал түңгі 12:50-де Ресей мен Дания құрамалары плей-офқа жолдама үшін таласады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу