Бүгін G7 елдері лидерлерінің саммиті ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін G7 елдері лидерлерінің саммиті ашылады

11.06.2021

Бүгін Англияның Корнуолл қаласында «Үлкен жетілік» елдері лидерлерінің саммиті басталады. Сол үшін корольдікке АҚШ президенті Джо Байден жұбайымен барып, премьер-министр Борис Джонсонмен кездесулер өткізді. Және де индустриалдық мемлекеттер басшыларының форумына Еуропа одағының өкілдері, Жапония, Италия, Канада, Франция, Германия жетекшілері де қатысады.

«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, жиын барысында «Үлкен жетілік» әлемге коронавирусқа қарсы 1 миллиард доза вакцина тарату жайлы міндет алуы мүмкін. Cонымен қатар, үшкүндік саммитте пандемиямен күрес, сауда-саттық, климаттың жылынуы, дамушы мемлекеттердің инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері де талқыланады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу