Бүгін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан футболдан UEFA EURO 2020 ойындары басталады.
Қазақстандық жанкүйерлерге 11 маусым – 11 шілде аралығында Чемпионатты толықтай тікелей эфирде ұсынылады. 51 матчтың 30-ы Ұлттық арна эфирінен, 28 матч «Qazsport» телеарнасынан беріледі. Сонымен бірге бір ай бойы тікелей эфирде жаңа студиялардан «Доп дода» бағдарламасы шығады.
Комментатторлыққа еліміздегі ең үздік мамандар таңдалды. Қазақ тілінде ойындарды Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә, Қайырхан Мәулен, Ерсін Ерікұлы, Есбол Қарағұл, Әлімжан Асқаров, Уәлихан Қосанбай, Ермек Төрениязов, орыс тілінде Дидар Қадыров, Дмитрий Нестеренко, Виктор Кирилюк, Ербол Каиров, Әділет Құсайынов, Евгений Акманов жүргізеді.
Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай эфирдің сапалы болуы тек трансляцияға ғана емес, комментаторлар қызметіне тікелей байланысты екенін атап өтіп, қателіктерге жол бермеуді, көрермендерге бір ай бойы мерекелік көңіл күй сыйлап, Еуропа стадиондарындағы атмосфераны барынша жеткізу туралы айтты.
UEFA EURO 2020 чемпионатының алғашқы ойыны - Түркия және Италия құрамаларының кездесуі бүгін 00:50-де «Qazaqstan» арнасынан көрсетіледі.
Чемпионаттың ашылу салтанаты 00:35-те екі арнадан да тікелей ұсынылады.