Таразда жетімдер тұрған үйдің шатыры жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жетімдер тұрған үйдің шатыры жанып кетті

09.06.2021

Таразда жетімдер тұрған жеке үйдің шатыры өртеніп кетті. Енді 16 баланы бауырына басқан жалғызбасты ана оларды қайда апарарын білмей отыр.

Тұрғын үйдегі өрт түскі сағат бірлер шамасында басталған. Шатырдан шыққан қызыл жалын көзді ашып-жұмғанша 50 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Мұнда тұрып жатқан 16 жеткіншектің дені – кем-тар балалар. Қараусыз қалған балаларға қамқоршы болған мейірбан жан елден жәрдем сұрайды. Себебі бұған дейін жергілікті биліктен еш көмек болмаған көрінеді. Қазір Тараз қаласының әкімдігі жедел топ құрып, мән-жайды анықтауға кіріскен.

Зарина Қуатова, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі:
Аталған жұмыс тобы мекенжайға барып отбасының жағдайымен танысып, мән жайды білді. Бүгінгі таңда аталған мекенжай жеке сектор болғандықтан, заң аясында мемлекет тарапынан қалпына келтіру жұмыстары қарастырылмаған. Комиссияның жұмысы аяқталғаннан соң тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Хабарламаларға жазылу